«Биыл Мақат ауданында 1 382 адам жұмысқа орналастырылған», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкін облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
- Қазіргі уақытта аудандағы жұмыссыздар саны – 1 892, оның ішінде 778 адам ресми түрде тіркеліп тұрғандар. Ал жыл басынан бері 1 382 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 64 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 129 адам жастар тәжірбиесіне жіберілді, - деді аудан әкімі.
Бұдан бөлек, Шәкір Кейкін биыл мемлекеттік бағдарламалар арқылы 18 адам несие алып, өз істерін бастағанын атап өтті. Оның ішінде 4 адамның кәсібі халыққа қызмет көрсету саласында болса, 4 адам мал шаруашылығымен айналысады. Ал, тоғыз адам өз дүкендерін ашып, 1 азамат ауыр жүк тасымалын дөңгелетуде.