Мақат аудандық мәдениет үйінде кент әкімінің "Мақат кентінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға міндеттер туралы" қорытынды есебін беру үшін тұрғындармен кездесуі өтуде.
Кент әкімі Е.Ермағанбетов:" 2020 жылы кент әкімінің атына жазбаша түрде 168 өтініш түсті, оның ішінде: жеке тұлғалардан-156, заңды тұлғалардан-12 өтініш түсті. Өтініштер жеке меншік тұрғын үй құрылысын салуға, жер учаскесін игеріп, меншік құқығын беру, нысаналы мақсатын өзгерту, қосымша жер учаскесін бөлу, әлеуметтік сала бойынша (қаржылай көмек сұрағандар), тазалыққа қатысты болды",-деді өз сөзінде.
Жалпы кент әкімі арқылы өткен жылы – 128 шешім мен 270 өкім қабылданған.
Тұрғын үй құрылысын салу үшін, жер учаскесін алуға 372 жеке тұлға кезекте тұрса, оның ішінде 2020 жылы 27 жеке адам кезекке тіркелді.
«Береке» ықшам ауданынан 152 жерге инфрақұрылым жүргізілген.
Өз тілшіміз