Жылдық білім сапасы - 57,6% құрады

(0 Votes)

Мақат кентінде 6 балабақша, 3 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 өнер мектебі және 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен  1 «Балалар – жасөспірімдердің дене тәрбиесі даярлық клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды.

Әкімінің баяндауынша Мақат кентінде апатты жағдайдағы білім беру ұйымдары жоқ.

"Мектепке дейінгі ұйымдар бойынша «Indigo» электронды балабақша сайтында кезекте тұрған балалар саны  -607. 4 жалпы білім беретін орта мектепте 314 педагог кадр қызмет етуде. Оның ішінде жоғары білімді 260, арнаулы орта 54. 2020-2021 оқу жылы бойынша 3 076 оқушы білім алуда. Оқу жылында кент бойынша кезекші сыныпта  449 оқушы, онлайн түрінде 2 627 оқушы оқиды. 2558 оқушы қазақ тіліндегі сыныбының, 412 оқушы орыс тіліндегі сыныбының оқушылары. Жылдық білім сапасы - 57,6% құрады",-дейді Е.Ермағамбетов.

 
Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521