Аудан әкімі міндетін атқарушы Бекәділ Жайкин облыстық ардагерлер кеңесінің «Мейірімді жүрек» медалін ауданымыздың жеке кәсіпкерлері Светлана Сүлейменова мен Рая Табынаеваға табыстады.
Өз кезегінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Орынбасарұлы кемел ойлы, кең жүректі кәсіпкерлерге алғысын білдіре отырып, ауданымыздың дамуына қосып жатқан үлестерін айрықша атап өтті.
Аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Сәбит Халенов мұқтаж отбасыларға көмектескен кәсіпкерлерге ризашылық білдіріп, жүрек жарды лебізін білдірді.
Шара соңында облыстық ардагерлер кеңесінің «Мейірімді жүрек» төс белгісімен марапатталған Светлана Сүлейменова мен Рая Табынаева сөз алып, ауданымыздың дамуына бір кісідей ат салысатындығын жеткізді.
Ж.ҚАМЗА