Кәсіпкерлерге вакцина бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

(0 Votes)

Ауданда  вакциналау жұмыстары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кезекті түсіндіру жұмыстары аудан әкімінің орынбасары Оксана Жаңбырбайқызының төрағалығымен кәсіпкерлер арасында өткізілді. Онда екпенің тиімділігі туралы, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алу аркылы қорғану қажет екені айтылды. Сондай-ақ, мамандар жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жергілікті билік өкілдерінің  айтуынша, ауданда екпе жеткілікті болғанымен, оның қажеттілігін түсініп отырғандар аз.

«Вакцина алу – індеттен сақтанудың басты жолы. Әр адам өзі үшін, жанұясы, әріптестері үшін екпе алса дұрыс болар еді. Коронавирус – жәй ғана ауру емес. Осыны жадымызда сақтайық. Аудан тұрғындарын денсаулығын күтіп, айналасына қамқор болуға шақырамын. Өзім де, ұжымдастарымның алды да вакцина салдырды. Бәріміздің жағдайымыз ойдағыдай»,- деді аудан әкімінің орынбасары О.Айкашева.

whatsapp-image-2021-05-21-at-13_35_13

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күнге дейін ауданда 16 кәсіпкер ғана вакцина алған. Халықпен тығыз қарым-қатынаста болатын кәсіпкерлік сала қызметкерлерін сақтыққа салғырт қармауға шақырады мамандар. Пандемия кесірінен істері кері кеткен кәсіпкерлер жиын барысында ақпаратқа қанық болып, екпеге қатысты пікірлері оң бағытқа өзгергенін жеткізді. Олар вакцина алу арқылы қауіпті індеттің алдын алып, қалыпты өмірге оралуды көздейді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина салдыру міндетіміз дейді.

Жалпы ауданға 1 ақпаннан бері “Спутник V” вакцинасынын 1550 дозасы жеткізіліп, бүгінде оның 933-і егілген. Бұл жоспардың 60 пайызы ғана орындалғанын білдіреді. Бүгінде жыл басынан бері ауданда ковид жұқтырған 83 адам тіркелген. Оның 39-ы Мақат, 41-Доссор және 3-еуі Бәйгетөбе ауылдық округінен анықталған. Ал бүгінде төрт адам аудандақ орталық ауруханасының инфекция бөлімшесінде ем қабылдауда.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT