Антитеррор: қаланың кей бөліктеріне шектеу шаралары енгізіледі

(0 Votes)

Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Атырау облыстық жедел штабы мәлімдеді.

«ҚР Терроризмге қарсы Орталығының бастамасымен Атырау қаласында 2021 жылдың 21 мамырда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізіледі. Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру», делінген таратылған ақпаратта. Көрсетілген уақыт кезеңінде атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізіледі.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды сұраймыз, – деп ақпараттандырды облыстық жедел штаб өкілдері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT