Акция аясында өз сауалдарыңыздың жауабын табыңыз

(0 Votes)

ҚР ІІМ-і Е.Тұрғымбаевтың нұсқауына сәйкес, мамырдың 21-22 күндері аралығында "Жолда қабылдау" акциясы ұйымдастырылуда.

Патрульдік және ювеналды полиция тобы, учаскелік полиция инспекторларының жұмысына қатысты, айыппұлдарды тексеру, жол техникалық қызметіне қатысты жол белгілерін орнату және көші-қон қызметіне қатысты  тұрғындарды  толғандырған сауалдарға жауап беру үшін Мақат аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Ж.Халелов  Мақат ауданы полиция бөлімінің парақшасына тікелей эфирге шығады. Тұрғындар сондай-ақ  полиция бөлімінің ФРОНТ ОФИС ғимаратының алдына аяқтай келіп өз сауалдарын жолдай алады. 

"Акцияның негізгі мақсаты - азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындар арасында құқықтық көмек көрсету, полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Халық арасында туындаған сұрақтарға жауап беріп, оларға құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады",-дейді Ж.Халелов.

Толығырақ газетіміздің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.


А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT