Кәсіпкерлерге салық кодексіндегі өзгерістер түсіндірілді

(0 Votes)

28 наурыз күні аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы және кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалымен бірлесе отырып, жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» кодексіне енгізілген өзгерістер туралы талқыланды.

Кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға аудан прокуратурасының өкілі Торыбек Аруов, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Гүлназ Едгеева жауап беріп, аталмыш жаңалықтың жай–жапсарын түсіндірді. Сондай–ақ, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары А.Ізімбергенова мен М.Ірғалиева нақты қандай өзгерістер орын алғанына жеке–жеке тоқталып, заңдылықтар мен өзгерістер бойынша айтып берді.

Жалпы алғанда, Салық кодексіндегі өзгерістер еліміздегі көлеңкелі бизнесті жариялы түрде жүргізуге, бейресми еңбек қатынасын болдырмауға, нақты кірістерді жасырын түрде жүргізудің алдын алуға бағытталған.

М.Серікқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз