Аудандық №8 Өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен құтқарушылармен кездесу өткізілді.
28 наурыз наурыз күні болған кездесудің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту болды. Осы тақырыптар төңірегінде аудан прокуратурасының өкілі Торыбек Аруов аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.