Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, ағымдағы жылдың 15 шілдесі күні Мақат кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің дәліздеріне (подъезд) дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарға «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы Мақат жөндеу орталығының ерікті қызметкерлері қатысты.
![]()
Осындай дезинфекция жұмыстары аудандағы барлық көп қабатты тұрғын үйлердің дәліздеріне, сол сияқты адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарға, сауда нүктелеріне т.с.с жерлерге жүргізілетін болады.
![]()
Дезинфекция кезінде тұрғындар тарапынан сақтану шараларын қамтамасыз ету қажет.
Мақат ауданы әкімдігі


