Көне жиһаздар көшеде жатыр

(0 Votes)

Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға кез келген тұрғын жанашырлық танытса, өзіне деген құрмет болар еді.

Алайда ауыл ішінің қоқыған кейпін көргенде тұрғындар мәдениетінің осыншалықты төмендеп тұрғаны ма?- деген ой көңіліңді түсіреді. Тазалық айлығы, сенбілік жұмыстар, көгалдандыру, абаттандыру шараларының науқандық міндетке айналып, жергілікті азаматтардың тұрғылықты мекенінің күнделікті тазалығы мен көріктенуіне мән бермейтіні жасырын емес. Жергілікті баспасөз арқылы атқарушы биліктің бағыт-бағдарын жадылап, тұрғындарға үйден шыққан қатты тұрмыстық қалдықтарды контейнерге жеткізуіне кеңес беруден кенде қалмадық. Алайда, «Мұртқа өкпелеп жүргенде, сақал шығып састырды» -демекші, қоқысты контейнерге сал!- деп жүргенде, қажетсіз болып қалған жиһаздары мен жөндеуден кейінгі ескі есік-терезе қаңқалары, тоңазытқыш сынды көне заттарын да көшеге шығарып тастай салатынды шығарыпты. Мәссаған!-дерсің. Қоқыс алаңшаларындағы контейнерге тазалыққа жауапты мекеме келсімі бойынша тұрмыста тұтынудан шыққан қатты тұрмыс қалдықтарын ғана төге алады. Ал күрделі тұрмыс техникасының тозған қалдығы, тұрғын үйді жөндеуден кейінгі қалдықтар, өнеркәсіп қалдықтары арнайы полигондарға тасымалданып, төгілуі керек. Бұл жерде экологиялық тұрғыдан алғанда үлкен залал келтіруі әбден мүмкін. Сондықтан қоршаған орта экологиясына жауапкершілікпен қарау аса маңызды. Себебі, мемлекет заңы белгілеген қағидаларына сәйкес қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, табиғаты аялап, күту ел азаматтарына міндет саналады.

Мәселен, ӘҚБтК-тің 505-бабында қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда белгілі бір шара қолданылуы керек. Ал бізде осындай мәселеген мән берілмей ме, әйтеуір, қоқыс контейнерлерін былай қойғанда қажетсіз дүниесін көшеге лақтыра салу деректері жие кездеседі. Көрген көзде жазық жоқ. Ауыл ішін тінтіп кетпесек те, көз алдымызда көлбей жатқан қатты тұрмыстық қалдықтар қатарында үй жиһаздарының да жайрап жатуы ұят! Бұл өзіміздің тұрғылықты жерімізге деген құрметтің төмендігін танытатынын тұрғындар ескерсе екен?!

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521