Бүгін 10 қаңтар - сайлау күнi Мақат ауданына қарасты маршруттар халықты тегiн тасымалдауда.
Мақат кенті ішаралық №1 маршруты, Доссор кенті ішаралық №2 маршруты және Бәйгетөбе ауылы мен Мақат кентіне жолаушылар тасымалдайтын №4 қоғамдық көліктері дауыс беруші сайлаушылар үшін тегін қызмет көрсетуде.
Көпшілік осы жеңілдіктің арқасында діттеген жеріне ақысыз барып, өз таңдауларын жасауда.
М.Ізтұрғанова