Мақатта 96-ға келген қария дауыс берді

(0 Votes)

N:2 Бастауыш мектеп ғимаратында орналасқан 208-ші сайлау учаскесінде дауыс беріп жатқан тұрғындар да тым белсенді.

Бұл бөлімге тиесілі 1119 сайлаушының 70 пайызға жуығы өз таңдауын жасап үлгерген. Ал, бірінші рет дауыс беруге қатысып жатқан жас тұрғынға арнайы естелік сыйлық табысталды.

71ab162c-f304-4c14-aaaf-9ba98e647bba

Сондай-ақ денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге өтініш білдірген он сайлаушыға да комиссия мүшелері арнайы ат басын тіреді. Олардың қатарында бүгінде жасы 96-ны алқымдаған абыз ақсақалымыз Хасанов Карим қария да бар. Ғасырға жуық ғұмыр кешіп жатқан қарт елдің ертеңіне жарқын болашақ тілеп, қоғамнан әлі де тысқары емес екендігін танытты.

Таңдауын жасауға талпыныс білдіргендердің енді бірі жұбайымен келуді жөн көріпті. Алтын алқаның иесі - алтын құрсақты ана атанып отырған Гүлнұр мен жолдасы Досымжан ұрпақ болашығы үшін бұл сайлаудың маңызы зор екенін жеткізді.

e530b6a9-4b50-42ef-8142-b55d87b492f6

“Біз өз таңдауымызды жасарда әсіресе болашақ ұрпақтың жағдайына айрықша мән берген партияға ден қойдық. Жеңіске жетіп жатса, берген уәделерін орындайды деген сенімдеміз дейді”,- көпбалалы ата-ана.

А.САДЫКОВ
Суреттер автордан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521