Вахтадағы мұнайшылар белсенді қатысты

(0 Votes)

Бүгін таң азаннан ерте басталған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлауына Мақат ауданы бойынша 12 учаске бір мезетте ашылып, жұмысқа кіріскен болатын.

№205 сайлау учаскесіндегі 152 сайлаушы вахталық әдіспен қызметтегі азаматтар. Олардың ішінде еліміздің өзге өңірлерінен келіп мұнай-газ өнеркәсібінде ауысыммен еңбек етіп жатқан азаматтар да бар.

Мұнайлы өңірде сайлау науқанынан ешкім де шет қалмайды. Ауысыммен жұмыс істейтін мұнайшылардың кезекті еңбек вахтасы бүгінге күнге келгендер тура жұмыс орындарынан өз еріктерін білдіруіне жағдай жасалған.

«Доссормұнайгаз» ӨБ –на қарасты Солтүстік Жолдыбай және Шығыс Мақат кен орындарына аталмыш сайлау учаскесінен сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ақтоты Мукангалиева және мүшелері сайлау жәшігімен барып келді.

e58cc8cf-da2b-4964-b98f-34347f4f94f7

Қазақстанның өзге өңірлерінен келген азаматтар өз өтініштерімен есепке алу куәлігі арқылы осы арадан дауыстарын берді.

-Өндіріс қауіпсіздігі басты назарда. Біздер санитарлық талапты сақтай отырып, Шығыс Мақат кен алаңындағы жасақталған арнайы бөлмеде мұнайшылардың дауыс беруіне мүмкіндік жасадық. Мұнайшылардың көңіл-күйі жақсы. Олардың белсенді іс-қимылына қарап риза болдық, -дейді А.Мукангалиева.

Е.МЫРЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT