Ерасыл Ұлттық құрамаға шақырту алды

(0 Votes)

Жуырда ғана жерлесіміз Жақсылық Амандосов алғаш рет Қазақстан футзал құрамасының сапына шақырту алып, Словенияда жергілікті құрамамен болған кездесуде өнер көрсеткен болатын. Әлем біріншілігінің іріктеу ойындары ретінде өткен ол ойында отандастарымыз тең нәтиже көрсетіп, келесі кезеңге жолдама алды. 

Енді, міне, көпке созбай жергілікті футболсүйер қауым үшін тағы бір қуанышты жаңалық келіп жетті. Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 21-26 наурыз аралығында Молдованың Чореску қаласында өтетін 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сынға түспекші. Аталған Қазақстан U19 Ұлттық құрамасының сапына Атырау мини-футбол клубының қақпашысы, жерлесіміз Ерасыл Шарапиденов шақырту алды. 18 жасар футзалшы Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі болып саналады. Алғашқы жаттықтырушылары Ержан Шарафиев пен Әнуар Теңдібай.

А.БАЙШУАҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT