Елжанды азамат әскерге өзі сұранып барады

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Отанды қорғау мүмкіндігіне ие болу – ұлы міндет» деген еді.

Конституциямыздың 36-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті болып табылады. Олай болса, Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін қазақ батырларының жауынгер-майдангерлердің, жауынгер ауғандықтардың даңқты жауынгерлік дәстүрлерін абыроймен және лайықты жалғастыратын ұлдарға сенімдіміз. Отан алдындағы борышты өтеу кезегі келген сәтте тайынып қалуға негіз жоқ. Отан үшін еткен қызмет - мақтаныш және оны лайықты атқару алға ұмтылыс.

Мерзімді әскери қызметке шақыруға жасы он сегіз жастан бастап жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар жатады. Ол «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес жүргізіледі. Мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде жылына екі рет өткізіледі.

2015 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексі мен Қылмыстық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерін орындамауы бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтару әскери міндеттілерге - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал әскерге шақырылушыларға – ескерту жасауға не үшін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әскери қызметке шақырылушы есептік-әскери құжаттарын қасақана бүлдірген немесе жойған болса, онда ол бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.

Сол сияқты, шақырылушының әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы бар. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма жастан аспаған әскерге шақырылушының әскери оқу орындарына түсуге құқығы бар. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары әскери мектеп-интернаттарына, «Жас ұлан» республикалық мектебі конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады. («Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы 52-бабының 3-тармағы).

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскерге шақырылушылар мынадай талаптарды орындайды. Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) жолдамасы бойынша міндетті тәртіппен оқу ұйымдарына, әскери-техникалық мектептерге бару, өзін әскери қызметке белсенді дайындау. Орта білімі жоқ адамдар олар оқу үшін бекітілген оқу ұйымдарына баруға тиіс. Медициналық комиссияларының тағайындауы бойынша тиісті денсаулық сақтау органдарында амбулаториялық немесе стационарлық емделуден өту.Спорттық қоғамдар мен ұйымдардың жұмысына белсенді қатысу, өзін шынықтыру, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдану. Жаңа тұрғылықты жерге келген күннен бас-тап жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қабылдау (тұру) үшін қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлімге) өзі келу. Отбасы жағдайын, тұрғылықты жерінің мекен-жайын, білімін, жұмыс орнын және лауазымын өзгерткен кезде жеті жұмыс күні ішінде әскерге шақырылушы әскери есепте тұратын әскери-есепке алу органына бұл туралы дербес хабарлауы;

Тұрғылықты жерінен уақытша кеткен адамдар азаматтарды әскери қызметке шақыру жарияланған кезде тұрақты тұрғылықты пункттеріне дереу келуге және әскери есепте тұратын қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) келуге тиіс. Әскерге шақыру учаскесін өзгертуге қаңтардан наурызға дейін және шілдеден қыркүйекке дейін жол беріледі. Елбасының кез келген құқық бұзушылықтарға «нөлдің төзімділік»туралы талабын ескере отырып, жергілікті әскери басқару органдарының және әскерге шақыру және медициналық комиссиялары лауазымды адамдарының тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністері кездескен жағдайда ҚР Қорғаныс министрлігіне немесе әскери прокуратура органдарына дереу хабарлауы қажет.

Е.АМИРОВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,

майор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521