Салаға саналы көзқарас

(0 Votes)

Л.Шахатов атындағы орта мектебінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауы талқыланды.

Жиналысты ашқан мектеп басшысы Жанар Мұхтарова Елбасының жаңа Жолдауы – ел өміріндегі маңызды жаңалық. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру елдің қуатын нығайтып,халықтын әл-ауқатын да арттыратыны анық екендігін айтты.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің барлығы білім, білік, оқу мен зерделеу арқылы жасалған. Білім алу сипаты алуан түрлі екенін ескерсек, заманауи білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті, жан-жақты, көп тіл білетін маманды дайындау. Осы орайда білім саласы ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың назарынан ешқашан тыс қалған емес. Мұндай қамқорлықты Елбасының әрбір Жолдауынан айқын аңғарамыз. Жолдауда негізінен әлеуметтің әлеуетін арттыру, білім саласын біріздендіру жайына ерекше тоқталды. Ағартушылық салаға жасалған жаңаша бетбұрысты еліміздегі кішкентай балабақшалардан бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін тетікті дұрыс жұмыс істеу деп қабылдаумыз керек. Мұғалімдерді қуантарлық жағдай ол келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігі болды. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға көмектесеріне сенеміз.

А.БАСАРОВА,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521