Ерліктің ескірмес естелігі

(0 Votes)

Осыдан 35 жыл бұрын, Мақат стансасында жанар-жағар май құйылған 15 тонналық алып цистерналар өртеніп, станция басы алапат жойқын өртке оранды. Жылжымалы құраманың 55 вагоны бір мезгілде істен шықты. Айналасын тегіс жалмай қаптаған қалың өрттен қаймыққан  теміржолшылар, жауапты қызметтегі басшылар қызмет орындарын тастап кетуге мәжбүр болды. Түптеп келгенде, бүкіл Мақат станциясы бойынша қызметтік орнында жалғыз адам ғана қалған. Ол – станция кезекшісі Айман Далбанқызы Жұмашева еді.

Елі мен жерін шексіз сүйген қазақтың қайсар қызы ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттап, жастарды елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде батыр қыздың ерлігіне арналған «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» тақырыбында тағылым бұрышы ашылды.

img-20200228-wa0095

Шара барысында Айман Далбанқызы туралы мектеп оқушылары дайындаған қойылым көрсетіліп, жүрекжарды өлеңдер, қонақтармен өзара сұхбаттасу сәттері қатысушыларды қайратты қыздың ерлігіне тәнті етті.

img-20200228-wa0090

Әсерлі кешті тамашалаған көрерменнің көзіне еріксіз жас келді.

img-20200228-wa0122

Мақат станция бастығының орынбасары Дархан Нығымашев көрмеге Атырау қаласынан сол жылдардағы пайдаланылған телефонды табыстады. Жұмыстас әріптесі құрметті теміржолшы Айсулу Жоламанова, ерлікті елге танытқан Руслан Баймұқашев, округ әкімі Қонысалы Тулеуов, әріптесі Сәния Мәженова, аудандық білім беру бөлімінің мамандары, марқұмның отбасы мен мектеп басшысы, оқушылар қатысып тағылымы мол кештің куәсі болды.

 

Ақайна Сағызбаева,

 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521