Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік" деген сөзін негізге алсақ, мәдениет пен өнердің, спорт пен туризмнің ел дамуындағы, мемлекеттің мәртебесін арттырудағы, тәуелсіз Қазақстанды танытудағы үлесі орасан екені сөзсіз.
Жеткілікті түрде көңіл бөлінбей келе жатқан сала мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша Президент Жолдауын аудандық мәдениет қызметкерлері ерекше қуанышпен қабылдады.
«Мәдениет қызметкерлері, қорықшылар, кітапханашылар, көлік жүргізушілердің жалақысы 2022-2025 жылдар аралығында 20 пайызға арттыру тапсырылады. Бұл бастаманың игілігін 600 мың отандасымыз көреді», деді Президент өз Жолдауында.
Осы күнге дейін табысының аздығынан мәдениет қызметкерлері көптеген мемлекеттік бағдарламалар игілігін көре алмай келді. Сондықтан, сала қызметкерлерінің жалақысын жоғарылату - олардың мәртебесін арттырып, әлеуметтік жағдайын арттыруға мүмкіндік.
К.ТУЛЕБАЕВА,
аудандық мәдениет үйінің басшысы,
мәдениет саласының үздігі