Еркіндік - ең қастерлі құндылығымыз

(0 Votes)

Бүгін білім күні қарсаңында Президентіміз Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді.

Егемендігіміздің 30 жылдығына айрықша тоқталған Мемлекет басшысы, Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз деп баса айтты. Тәуелсіздік деген сөз тілге жеңіл болғанымен ауқымы кең ұғым.  Біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрғанымызды басты жетістікке балаған Қасым-Жомарт Кемелұлы жалаң ұран мен жалынды сөзге еріп бүтіндеймін деп бүлікке бастайтындардан аулақ болуға үндегендей. Біз үшін де, ел үшін де  ең маңыздысы – әр азаматтың еркіндікті еркін сезіне алуы. Ал ол елдегі бейбіт өмір мен қоғамдағы тұрақтылықта көрініс таппақ. Сондай-ақ, Президент бастамалары жастарды болашаққа нық сеніммен қарауға жетелейді деп сенемін. 

 

Ә.ҚАРЖАУОВА

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT