Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 198 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 107 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 18 науқас анықталды. Инфекция облыс аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 25 жағдай, Индер ауданында - 11 науқас анықталған, Исатай ауданында - 13, Қызылқоға ауданында- 14, Құрманғазы ауданында - 1, Мақат ауданында - 3, Махамбет ауданында - 8 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 110 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 636 адам емделді.
Қазір 7 350 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 166, екінші облыстық ауруханада – 148 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 51, кардиоорталықта - 77, т/ж ауруханасында - 83 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 36, жатақханада - 72,
аудандық инфекциялық стационарларда - 255. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 355 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.