Еңбек етпесең, елге өкпелеме!

(0 Votes)

Қазақта «Еңбек етпесең, елге өкпелеме» деген сөз бар. Қазіргі таңда қоғам арасында жұмыссыздықтың белең алуын мемлекеттен көретініміз рас.

Оған себепте көп. Бірақ, «жұмыс жоқ» деген жәй сылтау секілді. Әйтпесе, еңбек етем деген адамға екі қолға бір күрек табылатыны анық. Мәселен, елімізде жұмыссыз азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, көптеген жағдай жасалған. Мысалы, кәсіппен айналысу үшін арнайы бағдарламалар, оған қоса грант ұтып алу мүмкіндігі де қарастырылған. Жасыратыны жоқ, ата-анасының зейнетақысына күн көріп немесе айлық жалақысы аз деп дайын жұмыстан бас тартатын «еріншек» жастарды көріп те жүрміз.

Осындай жұмысқа деген құлықсыздықтың басты себебі - мемлекетте емес, адамның өзінде. Адам еңбек ету арқылы ең алдымен белгілі бір нәтижеге жетіп қана қоймай, өзіне де, қоғамға да пайдасын тиігізе білуі қажет. Себебі, қоғамда дайын асқа тік қасық болып, мемлекетке міндетсінетіндер де көбейіп кетті. Қайырымдылық қорының төрайымы ретінде осындай нәрселерге қарсымын. Әрине, қолдау білдірген дұрыс. Бірақ, шын мұқтаж адамға ғана көмектесуіміз керек. Мен қазігі таңда өз тарапымыздан жастарға қолдау ретінде баспаналы болуға көмектесіп жүрмін.

Десе де, олардың алға қарай жұмыс жасауы үшін «Балық бермей, қармақ бер» деген ұстанымды ұстанамын. Қай жаста болмасын адам еңбек етіп, ізденіс үстінде жүруі керек. Себебі, заман күннен-күнге дамуда. Сонымен қатар, заман көшінен қалмай, қай салада да жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек деп ойлаймын. Мен көпбалалы анамын. Осыдан бірнеше жыл бұрын бала күтімінде отырған уақытымда мемлекет тарапынан қолдау алып, жеке бизнесімді бастаған болатынмын. Қазіргі таңда кәсібім өрге басып, адал нанымды тауып отырмын. «Алма піс, аузыма түс» деп жата бергеннен ештеңе болмайды. Сондықтан, әрекет етіп, жарқын болашағымыз үшін қазірден бастап жағдай қалыптастыруымыз керек.


Эльмира Мусина,
жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT