Құлаған үй қаперден тыс қалмайды

(0 Votes)

Әлеуметтік желі де тұрғын үйінің шатыры опырылып түскен бейнежазбаны көпшіліктің көріп үлгергені анық. Мәселенің мән-жайын және жалғыз баспанасы қираған отбасығы қандай көмек көрсетілетінін білмек үшін аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Орынбасарұлымен тілдескен едік.


Оқиға наурыз айының 10-нан 11-іне қараған түні сағат 00:00 шамасында орын алған. Доссор кентіндегі Телемгенов көшесінде орналасқан апатты үйдің залының төбесі құлап түскен. Абырой болғанда, бұл уақытта аталмыш бөлмеде отбасы мүшелерінің бірі де болмаған. Бұл үй 1913 жылы салынса да, құжаты 2006 жылы заңдастырылған. Үйде осы күнге дейін 4 баласы бар отбасы тұрып келді.


11 наурыз күні Доссор кентінің әкімі Болат Ермеков тұрғын үйге барып, оқиғаның мән-жайын анықтайды. Келесі күні аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин келіп, құрылыс жұмыстарына қажетті материалдарды алуға демеушілер табуға жұмыстанатынан жеткізеді. Үй иесі М.Жылқышиевте құрылысшы екенін айтып, қарашаңырықты тастамайтынын, өзі жөндей алатынын түсіндірген.


«Бұл тұрғындар үй кезегіне тіркелмеген. Апатты үй санатына да құжаттарын өткізбеген. Жағдайды түсініп, дәл қазіргі уақытта Доссор кентінде бос үй жоқ болғандықтан, үйінің құрылыс жұмыстары біткенше уақытша тұруға Мақаттан үй ұсындық. Дегенмен үй иелері Мақатқа баруға бас тартты. Мәселені зерделеу үшін аудан әкімінің өкімімен жұмысшы топ құрылып (ішінде жергілікті атқарушы органдар, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым, аудандық мәслихат депуттары бар) 15 наурыз күні отбасыға тағы да барып, заң аясында қолымыздан келетін көмекті айтып түсіндірдік. Үй кезегінде тұрмаған соң заңсыз біреудің кезегін аттап өтіп, үй берілмейтінін айтып, заң аясында түсінік берді»,- деді аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин.


Жұмысшы топ құрылыс жұмыстарына көмектесіп, материалдарын алып беруге демеушілік танытатындықтарын жеткізді. Дегенмен алғашқы күні ұсынылған көмекті қабылдаған үй иесі, бұл жолы бас тартып, жаңа үйлі болуды қалайды.

d5b46779-3cea-4123-943f-66df013c82f3

 


«Жекеменшік үй алып беруге мүмкіндік жоқ екенін айтып түсіндірдік. Қолымыздан келетін көмекті ұсындық. Ұсынылған көмектерден бас тартып, жаңадан үй алып беруді сұрап отыр. Ардагерлер де жекеменшік үй болғасын өз үйіне қарап, бұрынаннан жыртық жерін жамап отыру қажеттігін айтты. Қазір біздің жағдайымызды түсінбей тұрғанымен, алдағы уақытта көмегімізді қабылдар»,- дейді Б.Жайкин.


Иә, жергілікті билік өкілдерінің айтуынша бұл мәселе күн тәртібінен әлі түскен жоқ. Демеушілікпен үй алып беру мәселесі де қарастырылып, аудан әкімі бұл тұрғыда жұмыстанып жатырған көрінеді.


Ал, қайырымдылық қорлары арқылы үй алуға бұл отбасының санаты келмейді. «Asar-ume» қайырымдылық қорының Атырау облысы бойынша сенімді өкілі Эльмира Мусинаның айтуынша қордың ережесіне сәйкес балалары мүгедек және жалғызбасты тұрғындар үшін ғана баспана алуға есепшот ашылады.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT