Дзюдошы Елдос Сметов мақаттық спортшылармен кездесті

(0 Votes)

Кеше, 14 қараша күні ауданымызға дзюдодан Азия ойындарының және Азия біріншілігінің жеңімпазы, әлем чемпионы, Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері Елдос Сметов пен Азия біріншілігінің екі дүркен күміс жүлдегері, дзюдо спортынан қазақ қыздарынан шыққан әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері жерлесіміз Абиба Абужақынова келді.

Атырау қаласында өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының қонағы болып шақырылған олар жергілікті әкімдіктің қолқа салуымен  Мақат кентіне ат басын бұрып, аудандық мәдениет үйінде жергілікті жас спортшылармен кездесу өткізді. Чемпион аға-апаларын көріп, оларға көкейдегі сұрақтарын қоюға негізінен дзюдошылар және басқа да спорт түрімен жаттығушылар жиналды.

kdjhvyt09

chgbfjnty658

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполовтың жүргізуімен өткен кездесуде Елдос Сметов пен Абиба Абужақынова өздерінің өмір жолдары, спорттағы жетістіктеріне жету жолындағы қиындықтары туралы айтып, көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға өз жауаптарын берді. Соңында жас өрендеріміз өздерінің үлгі тұтар тұлғаларымен естелік суретке түсті.

Асылбек ЕСЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT