Теміржолшылар спорт алаңын сыйлады

(0 Votes)

Бүгін Мақат кентіндегі «Локомотив» ықшам ауданында «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» кәсіподағы және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры атынан Мақат кенті “Локомотив” ықшам ауданы тұрғындарына сыйлық ретінде ашық спорт алаңы ресми түрде тарту етілді.

Жаңа спорт алаңының ашылу салтанатында алғы сөзді Мақат кентінің әкімі Ербол Қонысбайұлы сөйледі. Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ халықаралық және ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі департамент директоры Нұрлан Жасұланұлы мен Атырау жүк көлігі қосалқы бөлім бастығының орынбасары Самат Бисенғалиұлы да құттықтау тілектерін білдірді.

ufghdte5463

 

nfhcghjhn56

Ал салтанатты түрде лента қию рәсімі Ербол Қонысбайұлы мен Нұрлан Жасұланұлына жолданды. 

fhudgftecs55

Кейін департамент директоры өзінің сұрауы бойынша ән орындап, ауыл ақсақалдары атынан ардагер теміржолшы Амандық Ақмурзин сөз алды.

nfhgcbvrt67

lgjhfnvb67

Ашылу салтанаты Мақат кентінің әкімі  «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы О.Ахметбаев пен құрылыс жұмыстарын жүргізген кәсіпкер Т.Утебаевқа алғыс хаттарды табыстауымен аяқталды.

vfcnhfgbv647

А.Есжан

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT