Доссорлық бишілер жеңіс тұғырында

(0 Votes)

Ақтөбе қаласында «DOSSTAR» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен V Республикалық «Жас дарын» би фестивалі өтті.

Еліміздегі білім-беру орындарының арасындағы коммуникативтік қатынастарды нығайту, жас таланттардың бойындағы өнердің көзін ашу мақсатында өткен байқауға Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінің бишілері қатысып, жүлдегер атанды.

8-10 жас ерекшелігі бойынша қатысқан «Ай-Ханша» би тобы бас жүлдені қанжығасына байласа, ал 11-13 жас ерекшелігі бойынша қатысқан «Гауһартас» би тобы І дәрежелі лауреат атанды.

Жас бишілерді дайындаған жетекші Нұргүл Еркінқызы да марапаттан құр қалмай, арнайы алғыс хатқа ие болды.

Ғ.ҒИНАЯТОВА,

Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебі директорының тәрбие ісі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521