Мақат аудандық орталық мешітінде Рамазан қоржыны таратылды. Қайырымдылық шарасы 40 отбасын қамтыды. Акция аясында шаңырақтарға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері табыс етілді.
«Рамазан – нығмет айы. Рамазан айында адамдарға көп жақсылық жасалады. Рамазан – мейірім айы. Рамазан – ізгілік айы. Бұл айда мұқтаждарға көбірек жақсылық жасап, қайырымдылық шараларға көбірек атқаруға ұмтылу керек» деп атап өтті Мақат ауданының Бас иамы Біләл Сағындықов.