Бүгінгі таңда елімізде бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Осы орайда аудан спортшылары да әртүрлі деңгейдегі жарыстарда бой көрсетіп, мұнайлы мекеннің абыройын асқақтатып жүр.
Жақында Атырау қаласында муайтайдан балалар мен жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өткен болатын. Байрақты бәсекеге Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінен 23 оқушы қатысып, оның 18-і жүлделі оралды. Әр ауданнан жиналған кіл мықтылар арасында жерлестеріміз 7 алтын, 5 күміс, 6 қола жүлдені қоржынға салды.
Атап айтқанда, А.Түгелбай, С.Әлімхан, К.Полфунтиков, А.Рысқали, С.Сатайбаев, Е.Сәрсенбай, Ә.Рысқұлов жүлделі I орынды жеңіп алса, Д.Мұратов, Ә.Болатқали, Ә.Құрманғали, А.Сағытжанұлы, С.Түгелбекұлы II орын еншіледі. Ал Д.Мұратов, А.Алдаберген, Е.Саясатов, Б.Айжарықұлы, Е.Қуаныш, А.Жұмабай III орынды місе тұтты.
Осы тұста, аудан мерейін үстем етіп қайтқан спортшыларымыздың жеңісінде муайтай жаттықтырушысы Ислам Галиев пен Нұрлыбек Ордабаевтың еңбегі ерен екенін айта кеткеніміз жөн.
Ә.ҚАСЫМ