Доссордағы доп додасы

(0 Votes)

Бұқаралық спорт түрлеріне ауданымызда ерекше көңіл бөлінген. Әсіресе спорттың №1 түрі боп саналатын футбол десе ішкен асын қоятындардың қарасы қашан да көп.


Өткен апта да Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде кіші аяқ доптан Доссор кенті әкімінің кубогы үшін мекемелер арасында жарыс өткізілді. Турнирды кент әкімі Болат Ермеков пен Доссор ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұреден Байниязов ресми түрде ашып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

3589ab33-2174-4d48-a537-fb2eacc6c7ca


Тартысты өткен бәсекенің нәтижесінде ІІІ орынды «BuildServiceCom» командасы иеленді. ІІ орынға кент ұстаздарынан құрылған «Ұстаздар» құрамасы қол жеткізсе, І орынды «Мечта» сауда үйінің намысын қорғаған жігіттер жеңіп алды. Жекелей номинациялар бойынша «Үздік қақпашы» атағы Жаңабек Есенбековке бұйырса, «Үздік қорғаушы» дипломымен Андрей Амангельдиев марапатталды. Ал, Шалқар Оңайбеков «Үздік шабуылшы» болып танылса, Дастан Әнесов жарыстың «Үздік ойыншысы» атанды.


Барлық жүлделі орын алған команда мүшелері арнайы кубок, медаль, диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

А.Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521