9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Ол сында ауданымыздың намысын 33 оқушы қорғаған болатын.
Жүйріктен жүйрік озар білім бәйгесінің нәтижесі бойынша 1 оқушымыз 2 орынға, 5 оқушымыз 3 орынға қол жеткізді. Атап айтар болсақ: «Өзін өзі тану» пәні бойынша О. Сарғұнанов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Динара Берген республикалық кезеңге жолдама алудан қол созым жерден қалса, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің 11 сынып оқушысы өз қатарластарының арасынан үздік үштікті түйіндеді. «Құқықтану» пәнінен сынға түскен Б. Қанатбаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Гүлнұр Сәкен де 3 орын иемденгендердің қатарында. Ауданымыздағы жүлдегерлердің барлығы гуманитарлық бағытты таңдағандар болса, соның ішінде жартысы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қатысқандар. Сонымен қатар Шұғыла Тілеужан, Мира Ерланова, Жұлдыз Бақыт та Б. Қанатбаев атындағы орта мектептің 9 және 11 сынып оқушылары.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев жүлдегерлерді марапаттау салтанатына арнайы барып құттықтады.
А. Жұмабекұлы