Мақатта «Ата заң – ұлттық тұғырым» атты салтанатты кеш өтті

(0 Votes)

 Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Мақат аудандық мәдениет үйінде «Ата заң – ұлттық тұғырым» атты салтанатты кеш өтті.

Мемлекеттік Әнұранмен басталған шарада алдымен аудан әкімі Ринат Ибрагимов құттықтау сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.

«Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Баршаңызды тәуелсіз ел тарихындағы басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Конституция - біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымызды сақтаудың сенімді кепілі, ынтымағы жарасқан еліміздің бағдары. Сондықтан, еліміздің дамуының басты құжатына айналған, халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу – баршамыздың ортақ міндетіміз әрі парызымыз.

Осынау мереке қарсаңында бәріңізге зор денсаулық, бақыт пен сәттілік тілеймін», - деді өз сөзінде аудан әкімі Ринат Хисаұлы.

Сондай-ақ, ол мереке аясында ауданда әр салада еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге арнайы алғыс хат табыстады. Атап айтқанда, аудандық мәслихат сессиясының шешімімен ардагер теміржолшы Жұмажан Исмағұлов «Құрмет» грамотасымен, ал, мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Марта Бағытжанқызы, аудандық прокуратураның прокуроры Торыбек Серікұлы, аудандық аурухананың дәрігері Рамазан Елдосұлы және аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты Қайрат Бауыржанұлы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Одан бөлек «Ұлттық сараптама орталығы» Мақат аудандық бөлімшесінің дезинфекторы Айнаш Сабырқызы, аудандық санитарлық-эпидемологиялық бақылау басқармасының инспектор маманы Гүлфайрус Бағытжанқызы, аудандық мәслихат депутаты Әділбек Есенгелдіұлы, Доссор мәдениет үйінің басшысы Думан Нұржанұлы, «Мақат» футбол командасы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Ғарифоллаұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаментінің Мақат аудандық бөлімінің автокөлік жүргізушісі Абылайхан Нұрдәулетұлы және аудандық әкім аппаратының кіші қызметкері Гүлбарша Әбденоваға аудан әкімінің арнайы алғыс хаты табысталды. Мерекелік шара соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521