Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тұрғын үй бүгін, 18 желтоқсанда өртенген.
Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 11:10-де Доссор кентінің 2 ауылындағы Исанов көшесіндегі үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 14х8м болатын тұрғын үйдің төбе жабындысының және ішкі бөлмелерінің жанып жатқаны анықталған. Өрт 12.49-да оқшауланып, 13.56-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД-нің ӨСжАҚЖҚ №8 ӨСБ 4 қызметкері мен 1 техникасы, "Семсер Өрт сөндіруші" 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Айша Кенжемұратова