“Доссор-Құлсары” тас жолында жол апаты болды

(0 Votes)

Оқиға 18 желтоқсан күні сағат 18.30 шамасында Мақат ауданындағы «Доссор-Құлсары» тас жолында, Доссор кентінен 18 шақырым жерде болған. 

 Атырау облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан олардың бірінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскенін айтады. 

 «Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде автокөлікте өрт болмағанын анықтап, зардап шеккендерді трассалық медициналық құтқару пунктінің қызметкерлері Доссор ауруханасына жеткізді. Оқиға орнына ТМҚП «Доссор» 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС-нің 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы шықты» делінген департамент хабарламасында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT