Доссорда «Достық» кубогы өтті

фото: tumba.kz
(0 Votes)

 Доссор мәдениет үйінде жергілікті әзілкеш жастар арасында «Жайдарман» сайысы ұйымдастырылып «Достық» кубогы сарапқа салынды.

Сайысқа «Бержан Қанатбаев» құрамасы, «Колледж» құрамасы, «Доссор» құрамасы, «Дубай» командасы, «Сабыр Шарипов» құрамасы және «Сабыр Қанатбаев» командасы қатысты.

Жыл басында бастау алған біріншіліктен тыс кубок болғандықтан бұл жолы командалардың еркін ойнағандығы көрініп тұрды. Олар өзекті мәселерді қозғап, қоғамдағы, ауылдағы жаңалықтардан бейхабар емес екендіктерін білдірді. Тек орыс тіліндегі қыстырма сөздерді қолданып, анайы тақырыпқа жиі жүгінгендері «әттеген-ай» деуге келетіндей. Ардагер жайдарманшы, тілші және мәдениет қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы ойыннан соң әр командаға жеке тоқталып мақтаулары мен сындарын айтып өтті.

Ойынның қорытындысымен сахнаға алғаш шыққан, екі мектептің оқушыларынан құралған «Сабыр Қанатбаев», «Дубай» командалары және інілеріне жол беріп, өз еріктерімен кубоктан бас тартқан «Доссор» құрамасы алғыс хаттарға ие болды. Сабыр Шарипов атындағы мекте-интертнатының намысын қорғаған қыз-жігіттер үшінші, Бержан Қанатбаев атындағы мектебінің оқушылары екінші орынды еншілесе, ұстаздары бастап шыққан Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің құрамасы «Достық» кубогын жеңіп алды.

Айта кетейік, жуырда «Доссор» құрамасы облыстық «Жайдарман» ойындарында өнер көрсетеді.

А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT