Мақат стансасындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызмет атқару аймағында қараша айының 06-10 жұлдызы аралығында «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар» атты акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты – халықтың арасында теміржол бойында адам басып кету жазатайым оқиғалардың алдын-алу болып табылады.
Акция өту барысында стансаның теміржол күзетінің қызметкерлерімен бірлесіп, теміржолға жақын орналасқан жалпы орта мектеп оқушыларына теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі.