ДОССОРДА БАЛАЛАР АЛАҢШАЛАРЫ МЕН ӘМБЕБАП СПОРТТЫҚ ОЙЫН АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ

(0 Votes)

Бүгін Доссор кентінде 25 қазан – Республика күніне орай 4 балалар алаңшалары мен әмбебап спорттық ойын алаңдары ашылды. 

Халқымыздың салауатты өмір салтын қалыптастырып және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды мақсат еткен заманауи спорттық ойын алаңын аудан әкімі Азамат Мәмбетов салтанатты түрде ашып, кент тұрғындарын құттықтады.

Сондай-ақ, бүгінде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келетіндігін және осы мақсатта ауданда инфрақұрылымды дамыту қолға алынып келетіндігін баса айтты.

Өз кезегінде кент тұрғындары да аудан әкімдігіне ризашылықтарын білдіріп, өз алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, аталмыш алаңдар Доссор кентіндегі «Бірлік» ықшам ауданындағы Р.Төлешқалиев, Қ.Сейтов, О.Шаримов көшелері бойында орналасқан.

Алаңшалардың іші жарықтандырылып, кент балаларының серуендеп демалуларына жағдай жасалған.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT