Ұлттық мереке ұлықталды

Ұлттық мереке ұлықталды
Ұлттық мереке ұлықталды
(0 Votes)

 25 қазан - Республика күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Салтанатты шара шымылдығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. ​

Одан әрі сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудан тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, ұлттық мерекенің тарихына шолу жасады. ​

Ол бұл күннің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен қайтарылып, ұлттық мереке ретінде қайта тойлануы тарихи шешім болғанын атап өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды облыс, аудан әкімінің және облыстық мәслихат төрағасының алғыс хатымен марапаттады.

Сонымен қатар, өңірдің өркендеу жолында үлес қосқан әртүрлі сала ардагерлері мен қызметкерлеріне “Мақат ауданына - 100 жыл” мерекелік медалін табыстады. ​

​Одан өзге, шара барысында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлер Қазақстан халқына адал әрі кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. ​

Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. ​​​​​​​​​

Ботакөз Асхатқызы

​​​​​​​​​Суреттер автордікі ‎

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT