Доссор кентінде «Заң керуені» акциясы өтті

(0 Votes)

Бүгін, 28 қазан күні ауданда өткен «Заң керуені» акциясы Доссор кентінде қорытындыланды.  

Атырау облыстық прокуратурасының облыс әкімдігімен бірлескен жобаның мақсаты – жергілікті жерлерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың күш-жігерін біріктіру.

Доссор мәдениет үйі ғимаратында өткен акция барысында мобильді топ өкілдері тұрғындарға құқықтық көмек көрсетті. Арнайы құрылған топ мүшелеріне кент тұрғындары көкейіндегі сауалдарын қойып, тиісті  жауаптарын алды.  

_slotuq- 

Айта кетейік, бүгін аудан көлемінде өткен қабылдауға Мақат кентінен - 18, Бәйгетөбе ауылдық округінен - 17, Доссор кентінен – 23 тұрғын өз сұрақтарымен келді.

Сұрақтардың басым көпшілігі тұрғын үй, еңбек қатынастары, алимент, айыппұл т.б салаларға қатысты болды.

Ал, 20 қазан күні басталған аталмыш акция осы уақытқа дейін Құрманғазы және Исатай аудандарында өтсе, 10 қарашаға дейін барлық аудан, қаладағы елдімекендерді қамтитын болады.

 

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521