Аружанның қоржынында қос жүлде

(0 Votes)

             Республикалық «Алау Групп» балалар мен жасөспірімдер өнер орталығы ұйымдастырған екі байқауда доссорлық өнерпаз топ жарды.

Ұстаздарды ұлықтау мақсатында өткізілген «Ұстазым-Ұлағаттым»  және «Ұстазым,менің ұстазым» атты өнер байқауларына көркем сөз номинациясы бойынша Доссор мәдениет үйінің жанындағы драма үйірмесінің оқушысы Аружан Найзағай қатысқан болатын. Ж.Рысқалиеваның «Ұстаздарға арнау» өлеңін рухтана оқыған ол екі онлайн сайыстан да І орынды қанжығасына байлады.

Шәкіртінің  бойына өнер дарытып, сайыстарға жоғары дәрежеде дайындағаны үшін драма үйірмесінің жетекшісі Айнагүл Әбілқасова «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Доссор  мәдениет  үйінің  ұжымына әлі талай дарындарды тәрбиелеп, шығармашылық табысқа жете беруін тілейміз!

А,Есжан

                                                                                

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521