Бүгін, 12 сәуірден бастап 45 орындық «Доссор-Атырау-Доссор» бағытындағы үлкен автобус алғашқы сапарын бастады.
Автобус күн сайын таңертеңгі сағат жолаушыларды тасымалдау үшін таңғы сағат 08:00-де Доссор кенті әкімдігінің алдынан қозғалса, Атыраудан кері бағытта кешкі сағат 18:45-те Атырау теміржол вокзалының маңынан жүреді.
Билет бағасы - 600 теңге. Тұрғындар билетті алдын ала +7702 463 0123 нөмеріне хабарласу арқылы ала алады.
М.ІЗТҰРҒАНОВА
Суретті түсірген автор