Доссордан Атырауға қатынайтын автобус іске қосылды

фото: https://rus-yutong.ru/
(0 Votes)

Атырау-Доссор бағытына қатынаушылардың күні негізінен таксистерге түседі. Ал бензин бағасының жылдан жылға қымбаттауы жеңіл көліктердің қызмет көрсету құны 1500 теңгеге дейін көтерілуіне ап келді. Көліктері газбен жүретін шөпірлердің де сұрайтыны сол қаражат.

Кенттің үстімен облыс орталығынан Құлсары қаласы мен Мақат кенттеріне жүретін автобустар өтсе де, оларда доссорлықтар үшін орын бола бермейтін. Сондықтан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен және Доссор кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен Атырау-Доссор бағытында жүретін автобустың шығуы тұрғындар үшін қуанышты жаңалық болды.

«45 орындық маршрут 12 сәуірден бастап жүреді. Автобус күн сайын таңертеңгі сағат 08:00-де Доссор кенті әкімдігінің алдынан қозғалып, кешкі 18:45-те Атырау теміржол вокзалының маңынан кері шығады. Билет бағасы - 600 теңге», - дейді «ILN WEST SERVICE» ЖШС өкілдері.

Шаруасының біразын қаладан бітіретін доссорлықтар үшін күніне екі рейс қылса да артық етпес еді. Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, ол сұрақ жазға қарай қарастырылмақ. Тұрғындар билетті алдын ала +7702 463 0123 нөміріне хабарласу арқылы ала алады.

А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT