Көмейінен күмбірлеп күй төгілген қасиетті қазақ аспабы, былтырдан бері дәстүрлі түрде аталып келеді.
Ауданымызда да аптаның сейсенбісі күні Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра-дастан» атты мерекелік концерт өтті. Аталмыш концерт мерекенің көркін кел¬тіріп, қазақ даласын ұлттық аспаптың күмбіріне бөледі. Ұлттық мұрамызды ұлықтауға арналған шара барысын аудан әкімі Жұмабай Ғаббасұлы құттықтау сөзбен ашты. Шараға келген барша көрерменді «Ұлттық домбыра» күнімен құттықтап, ұлттық өнерді жалғастырып, қасиетті домбыраны серік еткен өнерпаздарға ыстық лебізін білдірді. «Жеңіс» саябағында ашық аспан астында халықтық ұлт аспаптар оркестрі және оның жекелеген мүшелері, сондай-ақ, өнер мектептерінің шәкірттері күмбірлеген күймен жиналғандардың әбден құлақ құрышын қандырды.
Концерт барысында ардагерлердің қолқа салуымен аудан әкімі Жұмабай Ғаббасұлы домбырадан тәтті күй төгілтіп, әсем әуендерден поппури орындап, көрерменнің айрықша ықыласына бөленді.
Концерт соңын «Тұран» дуэті «Домбырасыз сән қайда» әнімен аяқтады.
Осылайша домбыраны серік еткен жерлестеріміз күйді толқыта, төгілте орындап, концертке келушілерді риза етіп, домбыраның қасиет-қадірін тағы бір дәлелдеді.
М.ІЗТҰРҒАНОВА,
суреттер автордікі