Ақтөбе қаласында «Дарындар әлемі» Халықаралық шығармашылық ассоциациясының ұйымдастыруымен IX Халықаралық балалар, жасөспірімдер және жастарға арналған «Әр бала – Жұлдыз!» атты өнер байқауы өткен болатын.
Аталмыш сайыста Мақат балалар өнер мектебінің «домбыра-тенор» мамандығының шәкірттері бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Атап айтсақ, Гүлім Қуанышбек, Еркебай Асылхан І орын және Мирас Нұғыманов, Мәди Темірбекұлы ІI орын иеленді.
Сондай-ақ жас ұрпақты өнерге баулып, шығармашылық деңгейде дамытудағы жоғары кәсіби іскерлігімен өз ісіне адалдығы үшін «Үздік ұстаз» марапатымен жетекшілері Гүлмира Омарова, Жайлыхан Ұзақбаева, Асылай Жұбанышқалиева конкурстың арнайы дипломымен марапатталды.
А.ДОСПАЕВ,
Мақат балалар өнер мектебі
директорының тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары