Шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күніне орай Доссор кітапханасында танымдық шара ұйымдастырылды.
Игі бастаманың мақсаты – жастарға қазақ халқының киелі аспабы саналатын домбыраның мәні мен маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері оқырмандарға домбыра туралы мағлұмат беріп, бұл аспаптың тек музыкалық құрал ғана емес, сонымен қатар халықтың рухани мұрасы екенін атап өтті. Домбыра – елдің тарихын, болмысын, ерлік пен елдікті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті мұра.
Сонымен қатар, шараға қатысқан балалар мен жасөспірімдерге арналып домбыра туралы кітаптар таныстырылды.
Шара соңында қатысушылар ұлттық аспаптың үнімен тербеліп, қазақ халқының бай мәдениетіне тағы бір мәрте үңілуге мүмкіндік алды.
Жаннұр ҚАМЗА