Бәйгетөбедегі наурыз той

(0 Votes)

Бүгін Бәйгетөбе округінде “Қош келдің, әз-Наурыз!” атты мерекеге арналған іс-шара өтті.

Алдымен аудан әкімі Азамат Саматұлы сөз алып, бәйгетөбеліктерді Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтады.

Әрмен қарай ауыл өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, концерттік бағдарламасын көрермен назарына ұсынды.

Сондай-ақ қазақтың “Жарапазан”, “Ашамайға мінгізу”, “Шашбау тағу”, “Аластау” сынды рәсімдер көрініс тауып, салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз кеңінен насихатталды.

Шара соңында ауыл ақсақалы Ерғазы Жоламанов көпшілікке бата беріп, ақжарма тілегін айтты.

Концерттік бағдарламадан соң асық ату, ләңгі тебу, аударыспақ сынды ұлттық ойындарымыз ойнатылып, жиналған жұрт мәре-сәре болды.

Ж.Қамза

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT