ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҰЛЫҚТАЛДЫ

(0 Votes)

 Ауданда 20 наурыз - Ұлттық спорт күніне орай ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

 Алдымен шараның ашылу рәсімі болып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.

Әрі қарай аудан әкімі Азамат Мәмбетов ұлттық спорт күнімен құттықтап, ұлттық спорт мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың сана-сезімін күшейтуге ықпал ететіндігін айтып өтті.

Мерекелік шарада асық ату, аударыспақ, ат жарыс сынды ұлттық ойындар түрінен сайыстар ұйымдастырылып, спортшылар өзара бақ сынасты.

Нәтижесінде қырағылық пен ептілік сыналатын асық атудан жүлделі III орынды Асхат Заманбеков, II орынды Мұрат Қайыров, I орынды Ғалымжан Нарымбаев иеленді.

Ал аударыспақтан өткен жарыста 65 келі салмақ дәрежесі бойынша III орынмен Бекзат Мұханбетов, II орынмен Диас Ғарифолла, І орынмен Думан Мұхамбет марапатталды.

75 кг салмақ дәрежесі бойынша III орынды Наурызбек Әбдіғали, II орынды Асылжан Әлиұлы, I орынды Асылжан Құмар иеленді.

Сондай-ақ, 75 кг жоғары салмақ дәрежесі бойынша III орынмен Асылан Бағытжанұлы, II орынмен Исламбек Сағидоллаев, І орынмен Бекзат Ғарифолла марапатталды.

Шара соңында аталған ұлттық ойынның жеңімпаздарына арнайы дипломдар және ақшалай сыйлықтармен табысталды.

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT