Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Р.Ибрагимов аудан өндірістік аймақ болғанына қарамастан, төрт түлік малдан да өсім бар екенін жеткізді. Биыл мал басының саны 11 мыңнан асқан. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 32,6 пайыз жоғары.
- Осы жылы ауданда төрт түлік малдың саны артты. Бүгінде мүйізді ірі қара малы 26, қой мен ешкі 30, жылқы 52, түйе 13 пайызға өсіп отыр. Бұл аудан бойынша 10 айдың есепті көрсеткіші,- деді Р.Ибрагимов.
Сондай-ақ аудан әкімінің айтуынша, биыл күзгі-қысқы мал азығын дайындау үшін көршілес Қызылқоға ауданынан келісім бойынша көлемі 8 мың гектар болатын шабындық жер алынып, жеке кәсіпкерлер шөп шабу жұмыстарын жоспарлы жүргізген.