Білім күніне орай аудан тұрғындары автобуста тегін қатынайды

(0 Votes)

 Ауданымызда мереке күндері қоғамдық автокөліктердің тұрғындарды тегін тасымалдау акциялары үнемі ұйымдастырылып тұрады.

Аудан әкімі Азамат Саматұлының бастамасымен “1-қыркүйек Білім күні” мерекесінде Мақат және Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округінің ішаралық автобустары жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады.

Аталған шара аудан тұрғындарымен қатар алғаш мектеп табылдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлап, оқушыларға аталмыш күннің маңыздылығын сезіндіреді деген ойдамыз.

Биылғы жылы аудан бойынша 637 бүлдіршін алғаш рет білім ордаларының табалдырығын аттағалы отыр.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT