Ерліктері ел есінде

Ерліктері ел есінде
фото: автордікі
(0 Votes)

 Жақында ауданның ғасыр тойы қарсаңында Мақат кентіндегі Жеңіс саябағында "Тәжік-Ауған" шекарасында қаза тапқан және шекара шебінде қызмет атқарған жауынгерлердің құрметіне орай ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. 

Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, облыстық "Тәжік-Ауған" ардагерлерінің "Айбын" қоғамдық ұйымының өкілдері, ардагерлер мен қаза тапқан азаматтардың жақындары және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының жеке құрама атқыштар батальонынан "Тәжік-Ауған" шекарасында қаза тапқан Атырау облысының ардагерлері Хайнолла Дусуповты, Ерлан Мырзағалиевті, Сәтжан Жалмурзинді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Еске алу жиынында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов қиын да сындарлы сәтте жандарын жалау еткен Ерлердің есімі еш ұмытылмайтынын жеткізді.

Одан кейін сөз алған облыстық "Тәжік-Ауған" ардагерлерінің "Айбын" қоғамдық ұйымының төрағасы Қанат Қадырқұлов сарбаздардың өмір жолы туралы әңгіме өрбітіп, шараның жас ұрпақты патриоттық руһта тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, ол Отан алдындағы борышын "Тәжік-Ауған" соғысында абыроймен өтеп, ел игілігі мен қауіпсіздігі үшін аянбай тер төккен бірқатар азаматтарға "Алхыс хаттар" табыстап, Ардагерлер одағының "Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың" республикалық қоғамдық бірлестігінің "Ер есімі - Ел есінде" төсбелгісімен марапаттады.

Одан әрі шекарашы жауынгерлердің туыстары сөз алып, елі үшін жанын қиған батырлардың ерліктерін ескерусіз қалдырмай, аудан төрінен ескерткіш ашуға мұрындық болған азаматтарға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін арнады.

Салтанатты жиын, одан әрі аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Еске сала кетсек, Мақат ауданы бойынша "Тәжік-Ауған" соғысында ТМД елінің шекарасын қорғауға қатысқан 16 ардагер бар.

Ботакөз Асхатқызы

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT