Ел Президентінің жолдауында маңызды мәселелер мен тапсырмалар айтылды.
Соның бірі «Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет» деген болатын. Бұл - аса қуантарлық жағдай. Өйткені бастапқыда үкіметтік емес ұйым жетекшілері тек ғана әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыс атқарып келген болатынбыз. Қазіргі таңда мамыр айында ауданымызда үкіметтік емес ұйым өкілдеріне қолдау көрсететін орталық ашылып, белсенді үкіметтік емес ұйымдарының санын көбейту, әрекетсіз ұйымдарды жабу, әр түрлі гранттар мен жобаларға қатыстыру, бағыт бағдар беру мақсатында ашылды. Қазіргі таңда осы орталық арқылы тоқсан сайын әр ауданнан Атырау қаласына 2 күндік семинар-тренингке өзге әріптестеріміздің жұмыстарымен танысып, сертификатқа иеленіп келеміз. Сонымен қатар, жобаларды жазу және ұтуды үйретуге Орал қаласына «Ақжайық camp» лагеріне ұсыныс жіберіліп, қыркүйек айында іссапарға баратын боламыз. Мемлекет тарапынан белсенді үкіметтік емес ұйымдарына сыйлықақы беру туралы өтініш толтырылып, Нұр-Сұлтан қаласына жолданды. Жолдаудан кейін көкейімізге жылы үміт ұялағанын жасырмаймыз.
Белсенді болуға барлық әріптестерімізді шақырамын.
Айгерім Серікқызы,
«Мақат жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы